АҚШ аумағының едәуір бөлігін қамтыған «Ферн» қысқы дауылы салдарынан елдің бірнеше штатында төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Бұл соңғы 100 жылдағы ең қуатты қысқы дауылдардың бірі деп бағалануда.
Reuters және Associated Press агенттіктерінің хабарлауынша, боран, қар және мұзды жаңбыр салдарынан елде 13 мыңнан астам әуе рейсі тоқтатылған. Қолайсыз ауа райы алдағы бірнеше күн бойы сақталуы мүмкін.
24 қаңтар кешкісін табиғи апаттан 139 мыңнан астам тұтынушы электр энергиясынсыз қалды. Электр желілеріндегі үзілістердің басым бөлігі Техас пен Луизиана штаттарында тіркелген.