Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ-тың TikTok-ты сатып алу жөніндегі келісімі тоқтатылды

Әлем
АҚШ-тың TikTok-ты сатып алу жөніндегі келісімі тоқтатылды

TikTok әлеуметтік желісіне активтерді бөлу бойынша келісім Қытайдың АҚШ президенті Дональд Траммп тарапынан баж салығын енгізуіне байланысты келісім жасаудан бас тартатынын мәлім еткеннен кейін тоқтатылды,-деп жазады ресейлік ТАСС агенттігі. 

Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасап Reuters хабарлады. 

Атап өтілгендей, келісімді бұрын TikTok-қа иелік ететін қытайлық ByteDance интернет-холдингі мен АҚШ үкіметі мақұлдаған.

Дереккөздің хабарлауынша, келісім бойынша TikTok операциялары АҚШ-та орналасқан және негізінен америкалық инвесторларға тиесілі компанияға өтуі тиіс болатын.  

Ал dw.com жазуынша,  Ақ үй қытайлық компания америкалық пайдаланушылардың деректерін қалай өңдейтініне алаңдайды және Бейжіңдегі Үкіметтің манипуляциясынан қорқады.

Келісімге сәтті қол қойылса, ByteDance компаниясының TikTok активтеріндегі үлесі 20%-дан аз болатыны хабарланған еді.

Фото: pixabay

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу