freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда қайтыс болған депутаттың мәйіті қайта қазылып алынуы мүмкін

Қоғам
Ақтауда қайтыс болған депутаттың мәйіті қайта қазылып алынуы мүмкін
Маңғыстау облысы әкімдігі

Ақтауда пластикалық операциядан кейін қайтыс болған Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуовтың өліміне қатысты істе жаңа мән-жайлар белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Марқұм «Қасиет» медициналық орталығына пластикалық операция үшін жүгінген. Алайда наркоз енгізілгеннен кейін жағдайы күрт нашарлап, комаға түскен. Бір айдан соң облыстық ауруханада көз жұмды.

Марқұмның отбасы адвокаты Алдырза Қуанышкереев операция алдындағы тексерудің толық жүргізілмегенін, анестезияға ресми келісім алынбаған болуы мүмкін екенін және клиниканың лицензиясына қатысты сұрақтар барын мәлімдеді. Оның айтуынша, мәйіт сот-медициналық сараптамасыз туыстарына берілген, сондықтан нақты өлім себебін анықтау үшін эксгумация қажет болуы мүмкін.

Ал «Қасиет» медициналық орталығы тағылған айыптарды жоққа шығарды. Клиника мәліметінше, операция басталмай қалған, себебі наркоздан кейін пациенттің қан қысымы күрт көтерілген. Кейін оған ауруханада инсульт диагнозы қойылған.

Қазір оқиғаның нақты себебі тергеу барысында анықталып жатыр. Іс прокуратура бақылауында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу