freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтауда жаңа жылдық безендіруге 76 млн бөлінген

Қоғам •
Ақтауда жаңа жылдық безендіруге  76 млн бөлінген

Биыл Ақтауда жаңа жылдық шырша теңіз жағалауындағы «Амфитеатр» алаңына және Әбіш Кекілбаев музейінің алдына орнатылады. 


Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, жаңа жылдық безендіру жұмыстары желтоқсан айының 17-24 аралығында жүргізіледі. Шыршалармен қатар көшелер де безендіріліп, фотоаймаққа арналған кіші сәулет формалары орнатылады. 

- Орталық көшеде (14 пен 12 шағын аудандар, 14 пен 11 шағын аудандар арасында) бұталарды жарық диодты торлы гирляндылармен безендіру және үлкен шырша ағаштарын жарық диодты гирляндылармен безендіру жұмыстары жүргізіледі, - делінген хабарламада.

Биыл жаңа жылдық безендіру жұмыстарын мемлекеттік сатып алу конкурстық іс-шаралары негізінде жеке кәсіпкер «Aktau Print» мердігер мекемесі жеңіп алған. Келісім-шарт сомасы – 76 млн теңге. 

Фото: gov.kz 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу