Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбе облысының тұрғыны 9 миллионға ағзасын сатпақ болған

Құқық
Ақтөбе облысының тұрғыны 9 миллионға ағзасын сатпақ болған

Ақтөбе облысының тұрғыны өзінің ішкі органдарын 9 млн теңгеге сатпақ болған.  

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл туралы интернетте мониторинг жүргізу кезінде анықталған.

- 25 қыркүйекте прокуратураның бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзінің ішкі органдарын 9 млн теңгеге сатпақ болған азаматты ұстады, - делінген хабарламада.

Осы іске қатысты полиция ҚК-нің 116-бабының 1-бөлігі «Трансплантациялау не өзгедей пайдалану үшiн тірі адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою, сол сияқты тірі адамның ағзалары мен тiндерiне қатысты заңсыз мәмiлелер жасасу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Фото: static.mk.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу