Аргентинада мектеп кабинеті Димаш Құдайбергеннің құрметіне аталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстандық әншінің жанкүйерлері қайырымдылық жобасын бастады: олар музыкалық аспаптар жетіспейтін мектептерге көмектесіп жатыр. Алғашқы нысан ретінде Мар-дель-Плата қаласындағы №5 бастауыш мектеп таңдалды — аспаптарды жеткізу үшін жанкүйерлер 400 шақырымнан астам жол жүрген.
Ең әсерлі сәт — музыкалық кабинетті әртістің атымен атау туралы шешім болды. Аргентинада мұндай қадам сирек жасалады: әдетте бұлай тек қайтыс болғаннан кейін ғана атайды. Алайда Димаштың әлемдік мәдениетке қосқан үлесі қазірдің өзінде мойындалды.
Жоба елдің басқа мектептерінде де жалғасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, музыка балаларды біріктіріп, шабыттандырады.