Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Арман Қырықбаев президент көмекшісі болып тағайындалды

Саясат
Арман Қырықбаев президент көмекшісі болып тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Арман Қырықбаев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Қырықбаев бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Фото: Ақорда 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу