freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Артемида-2» экипажы Айды айналып өтіп, Жерге бет алды

Әлем
«Артемида-2» экипажы Айды айналып өтіп, Жерге бет алды
Фото: instagram.com/nasa

«Артемида-2» басқарылатын миссиясының экипажы Айға жүргізген бақылау жұмыстарын аяқтап, Жерге қайту сапарын бастады. Бұл туралы АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомствоның нақтылауынша, Шығыс уақыты бойынша сағат 21:35-те астронавттар Жер серігін зерттеу кезеңін тәмамдап, үйге қайтуға кіріскен.

NASA трансляциясы кезінде астронавт Кристина Кох миссия мүшелерінің Айды сәтті айналып өткенін және адам баласы ғарышта болған ең алыс қашықтық бойынша жаңа рекорд орнатқанын мәлімдеді. Экипаж Жерден 407 мың шақырымға ұзап шығып, 1970 жылы «Аполлон-13» миссиясы орнатқан көрсеткіштен асып түсті.

«Орион» ғарыш кемесі 1 сәуір күні АҚШ-тың шығыс жағалауынан сөреге шыққан болатын. Экипаж құрамында NASA астронавттары Рид Уайсмен, Виктор Гловер және Кристина Кох, сондай-ақ Канада ғарыш агенттігінің өкілі Джереми Хансен бар.

Ұшу барысында миссия қатысушылары алты тәулікке дейін автономды тыныс алуды қамтамасыз ете алатын жаңа скафандрларды сынақтан өткізді. Экспедицияның басты міндеті — Айды айналып ұшып, Жерге аман-есен оралу.

Еске салайық, бұған дейін NASA Жерден көрінбейтін Ай бетінің ерекше фото жариялаған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу