freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана LRT іске қосылғалы 180 мың жолаушы тасымалдады

Қоғам
Астана LRT іске қосылғалы 180 мың жолаушы тасымалдады
Ақорда

Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесі іске қосылғалы бері жолаушылар саны 180 мың адамға жетті. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, алғашқы күні LRT қызметін 100 мың жолаушы пайдаланған. Бұл көрсеткіш жүйенің жобалық өткізу мүмкіндігінен асып түскен.

«Қазіргі уақытта жолаушылар ағыны шамамен екі есе азайды. Бүгін қозғалыс қалыпты режимде жүзеге асырылып жатыр, ешқандай қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілері тіркелген жоқ», – деді Асылбек Дүйсебаев.

CTS өкілдері жолаушыларды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Атап айтқанда, төтенше жағдай батырмаларын себепсіз баспауға, пойыз есіктерін өз бетінше ашпауға және олардың жабылуына кедергі келтірмеуге кеңес берілді.

Компанияның мәліметінше, мұндай әрекеттер пойыздардың уақытша тоқтауына себеп болуы мүмкін. Себебі LRT жүйесі толық автоматтандырылған және жүргізушісіз жұмыс істейді. Сондықтан жүйе кез келген күмәнді әрекетті жолаушылар қауіпсіздігіне төнген қауіп ретінде қабылдайды.

Еске салайық, 16 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы LRT жүйесінің ресми іске қосылуына қатысып, алғашқы жолаушы ретінде бірнеше станция арасында жүріп өтті.

Сондай-ақ елордада болашақта тағы бір LRT желісін салу жоспарланып отыр. Жаңа бағыт 20 станцияны қамтуы мүмкін.

Алайда 17 мамыр күні әлеуметтік желілерде LRT пойыздарының бірінің шамамен 20 минутқа тоқтап қалғаны туралы ақпарат тараған еді. CTS мұны жолаушылардың қауіпсіздік талаптарын бұзу жағдайларымен байланыстырған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу