Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

Құқық
Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

Алматы мен Астанада жасанды интеллект арқылы  бет-әлпетті танитын камералар қолданыла бастады.


Ұлттық бейнемониторинг жүйесі жасанды интеллект технологияларын іздеуде жүрген адамдарды тануға, қоғамдық орындарда қалдырылған заттар туралы сигнал беруге, құқық бұзушылықтарды автоматты режимде тіркеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ компьютерлік бағдарлама көлікті маркасы, моделі және түсіне қарап анықтайды.

"Ақылды" камералар теміржол вокзалдары, әуежайлар, қонақ үйлер, көшелер және сауда ойын-сауық орталықтарына орнатылған. Жүйе   тиімділігін көрсетті. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу кезінде елорданың қоғамдық орындарында жоғалған балаларды, сондай-ақ есепте тұрғандар мен хабар-ошарсыз кеткен адамдарды жедел табуға мүмкіндік туды. Бейне-талдау жүйесінің көмегімен Астанада іздеуде жүрген 46 құқық бұзушы жедел түрде анықталып ұсталды. Осыған ұқсас жұмыс Алматыда жүргізіліп жатыр. Онда осындай 30 адам анықталып ұсталды", – делінген хабарламада.

Мұндай жүйелер Қытайда, Ресейде және Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады. 

Қазақстан үздік тәжірибелерді игеріп келеді. Алдағы уақытта камералар санын көбейтіп, бейнемониторингті кеңейту жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда меншік түріне қарамастан елімізде 1 миллион 359 мың бейнекамера бар, оның 310 мыңы жедел басқару орталықтары және полицияның кезекші бөлімдеріне шығарылған.

Фото: ІІМ 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу