freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана тұрғыны пәтерінде 100-ден астам есірткі дозасын сақтаған

Қоғам
Астана тұрғыны пәтерінде 100-ден астам есірткі дозасын сақтаған
Polisia.kz

Елордада полицейлер жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында есірткі заттарын сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

28 жастағы ер адамның пәтеріндегі шкафтардың бірінен таратуға арналған, алдын ала бөлшектеліп салынған есірткі заты бар пластик түтікшелер табылды. Барлығы 100-ден астам бөлшектелген каннабис шайырының дозасы, сондай-ақ осыған ұқсас зат салынған ыдыс, электронды таразы және есірткіні өлшеп, буып-түюге пайдаланылған өзге де заттар тәркіленді.

Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы бір келіден асты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткі заттарын сақтау, дайындау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Заңсыз табыс үшін бостандығыңызды тәуекелге тігудің қажеті жоқ — есірткі айналымына кез келген қатысу қатаң жауапкершілікке әкеледі.



 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу