Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 9-қабаттағы терезе маңында жасөспірім қыздың отырғаны туралы хабар түскеннен кейін ТЖМ құтқарушылары жедел оқиға орнына жетті, деп хабарлайды Malim.kz.
Құтқарушылар пәтер есігін жедел ашып, қызды қауіпсіз жерге шығарды. Осылайша қайғылы жағдайдың алдын алды. Қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде тұрғын үйдің алдына арнайы «өмір кубы» орнатылды.
ТЖМ мәліметінше, 2010 жылы туған қыз құтқарылған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.