Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада тротуар опырылып, бір қыз су толы шұңқырға түсіп кеткен

Қоғам
Астанада тротуар опырылып, бір қыз су толы шұңқырға түсіп кеткен

Астанада жаяу жүргіншілер жолындағы тастар опырылып, қыз су толы шұңқырға түсіп кеткен, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Желіде жолдың ортасындағы шұңқырың суреті пайда болды. Оқиға Керей, Жәнібек хандар көшесі, 18 мекенжайында, "Қобыз сарайының" маңында болған. Пабликтердің мәліметінше, қыз жылап жіберген.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған.

"Ауруханаға жеткізуден бас тартты. Оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді", – деп мәлімдеді Астана Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Ал "Астана су арнасы" мекемесі Tengrinews.kz тілшісіне оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз екенін хабарлады:

"1000 миллиметрлік коллектордың үстінде тастар опырылып кеткен. Шұңқыр пайда болып, түбінде су жиналған. Оқиға орнына дереу "Астана су арнасы" бригадасы жетті. Қазір қазу және техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдай толық бақылауда. Оқыс оқиғаның себептері жұмыстар аяқталған соң белгілі болады", – деді мекеме өкілдері.

Фото: t.me/myastanacity

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу