Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атаулы әлеуметтік көмек алу ережелері өзгертілмек

Қоғам
Атаулы әлеуметтік көмек алу ережелері өзгертілмек

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау және төлеу қағидаларына өзгерістер әзірледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Атап айтқанда, ұсынылған түзетулерге сәйкес, азаматтардың банк шоттарындағы шығыс операциялары, банктік несиелері (ипотекадан басқа), микронесиелері, жинақ шоттары мен депозиттері туралы мәліметтер алынуы мүмкін.

Бұл деректер тек атаулы әлеуметтік көмекке үміткер адамның келісімімен ғана сұралады.

Министрліктің түсіндіруінше, бұл өзгерістердің мақсаты – шынайы мұқтаж азаматтарға көмек көрсету үшін олардың жиынтық табысы мен шығындарын есепке ала отырып, әлеуметтік қолдау көрсету.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу