Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атыраудағы үйлерге екі апта су берілмейді

Қоғам
Атыраудағы үйлерге екі апта су берілмейді

Атырау қаласында алдағы екі аптада ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Атырау облысының энергетикалық кешені баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 2-15 қыркүйек аралығында мұнайлы шаһардағы тұрғын үйлер мен өзге де нысандарға ыстық су беруді тоқтату жоспарланып отыр.


«Қазір Атырау қаласында ыстық сумен және жылумен қамтитын 52 жылу беру пункті бар. «Атырау жылу жүйелері» АҚ 2024 жылдың 2-15 қыркүйек аралығында қала бойынша магистральды жылу құбырларымен ыстық су беруді толық тоқтатады. Осы кезеңде күрделі жөндеуге байланысты жоспардың кестесіне сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарын көрсетілген мерзімде барлық жылу пунктінен ыстық су беру уақытша тоқтайтынын хабарлаймыз», - деп мәлім етті энергетикалық кешеннің баспасөз қызметінен.

Фото: instagram.com/akimat_shymkent

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу