2026 жылғы 27 маусымда Астана уақытымен сағат 18:34-те Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.
ТЖМ мәліметінше, жерасты дүмпуі Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 2 балл шамасында сезілген. Атап айтқанда, Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облыстарының бірқатар елді мекендерінің тұрғындары жер сілкінісін байқаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.