Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Автобус жүріп кеткен»: Алматылық тұрғын құлап, омыртқасын сындырды

Қоғам
«Автобус жүріп кеткен»: Алматылық тұрғын құлап, омыртқасын сындырды
видеодан скриншот

Алматыда әйел жүріп бара жатқан автобустан құлап, ауыр жарақат алды,  деп жазды Sn.kz сайты.
Зардап шеккен әйел желіде видео жариялап, оқиға туралы айтып берді. Әйелдің айтуынша, оқиға 21 желтоқсан күні №104 бағытындағы автобуста болған.

“Мен автобустан толық түсіп үлгермей жатып, сол сәтте жүргізуші қозғалып кетті, мен құлап, омыртқамды сындырып алдым. Қазір қозғала алмай жатырмын. Жүргізуші кешірім де сұраған жоқ", – дейді әйел.

Сондай-ақ әйел Алматыдағы бірнеше полиция басқармасына хабарласса да, жәбірленушінің арызын ешкім қабылдамай қойғанын айтады.
Ал Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оқиғаның барлық мән-жайы, қоғамдық көлік жүргізушісі мен жолаушының әрекеттері анықталуда.

Автобустың иесі "Олжас ЛТД" автопаркі де оқиғаның болғанын растады.

"Салон ішіндегі бейнебақылау жазбасына сәйкес, автобус аялдамада тоқтап, есіктерін ашып, жолаушыларды түсіргеннен кейін есіктерді жаба бастаған. Осы сәтте, шамасы, өз аялдамасын өткізіп алған қыз жүгіріп келіп, автобустың есігін қолымен ұстап тұрып, сыртқа шыққан. Соның салдарынан ол жерге құлаған", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ компания өкілдері автобус жүргізушісінің басқа жолаушылармен бірге жедел жәрдем шақырғанын айтты.

"Жедел жәрдемнің ұзақ уақыт келмеуіне байланысты жүргізуші зардап шеккен әйелді жеке жеңіл көлікпен өзі ауруханаға жеткізген. Рентгеннің ақысын төлеп, қосымша тексерулерге 50 мың теңге берген", – делінген компания жауабында.

Автопарк өкілдері егер зардап шеккен азаматша "Олжас ЛТД" компаниясына ресми түрде жүгінсе, тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру рәсімі арқылы денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша тиісті шаралар қабылданатыны атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу