Танымал продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше күннен бері өзін жайсыз сезініп жүргенін айтып, жақын құрбысының оған қалай күтім жасағанын бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.
Продюсердің сөзінше, жолдасы іссапарда болған кезде құрбысы Аида Кауменова оның жағдайын сұрап хабарласқан. Баян Алагөзова өзін нашар сезініп жатқанын айтқаннан кейін, құрбысы дәрі-дәрмек алып, үйіне келген.
"Бір сағаттан кейін ол үйіме дәрі-дәрмек салынған пакетпен келді. Аяғымды булап, қойдың майын жағып, массаж жасады. Қазір жатып, анамның бала кезімде осылай жасағанын есіме алып жатырмын", - деп жазды ол.
Баян Алагөзова осы күтімнен кейін сергіп қалғанын айтып, қазақы ем-домға қатысты пікірін де білдірді.
"Қазақы ем - ең жақсы құрал. Қойдың майы - менің фаворитім", - деп жазды продюсер.