freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Баянауыл ұлттық паркінде орман өртеніп жатыр

Қоғам
Баянауыл ұлттық паркінде орман өртеніп жатыр
Фото: видеодан скрин

Павлодар облысындағы «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Жасыбай орманшылығының 17-орамында орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт 2026 жылғы 2 тамызда сағат 14:10 шамасында шыққан. Қазіргі уақытта тілсіз жауды сөндіруге ұлттық парктің 21 қызметкері мен 2 өрт сөндіру автокөлігі, сондай-ақ ТЖД-ның 3 қызметкері жұмылдырылған.

Қосымша күш ретінде оқиға орнына ұлттық парктің 5 техникасы мен 18 қызметкері жіберілді. Сондай-ақ Павлодар қаласынан Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Ми-8 тікұшағы өрт орнына ұшуға дайындалуда.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі жағдай тұрақты бақылауда екенін хабарлады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу