Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бас прокуратура iPhone пайдаланушыларына ескерту жасады

Қоғам
Бас прокуратура iPhone пайдаланушыларына ескерту жасады
Фото: depositphotos.com

Бас прокуратура Қазақстандағы iPhone иелерін интернет-алаяқтық қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды Malim.kz.

Шетелдік дереккөздердің мәліметінше, алаяқтар Apple атынан келгендей етіп жалған SMS-хабарламалар немесе iMessage жолдайды. Хабарламада табылған iPhone-ның моделі, түсі және жады көлемі көрсетіліп, шынайы сияқты әсер қалдыратын фишингтік сілтеме тіркеледі.

Сілтемеге өткен пайдаланушы Apple Find My сервисіне ұқсас жалған бетке тап болады. Сол арқылы Apple ID логині мен құпиясөзі алаяқтардың қолына түседі.

Бұл қылмыскерлерге iPhone белсендіру бұғаттауын айналып өтіп, құрылғы мен жеке мәліметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, «мұндай қауіп түрі белсенді тарала бастады». Осыған байланысты ведомство келесілерді ұсынады:

  • күмән тудыратын сілтемелерге өтпеу;
  • жоғалған құрылғының блокировка экранында байланыс ақпараты көрсетілетін болса, бөлек электронды поштаны қолдану;
  • SIM-картаны PIN-кодпен қорғау, бұл оған қол жеткізуді қиындатады;
  • құрылғыны тек icloud.com/find арқылы тексеру.

Ведомство азаматтарды қырағы болып, киберқауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу