Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Башар Асад Мәскеуге қоныс аударғаннан кейін онлайн ойындарға әуестенгені белгілі болды

Әлем
Башар Асад Мәскеуге қоныс аударғаннан кейін онлайн ойындарға әуестенгені белгілі болды

Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад Ресейден саяси баспана алғаннан кейін онлайн ойындарға әуестене бастаған, деп хабарлайды Malim.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы басылым саясаткердің отбасына жақын дереккөзге сілтеме жасап жазды.

Дереккөздің айтуынша, Асад қазір «Москва-Сити» кешенінде тұрып, сағаттап онлайн ойындар ойнайды. Сондай-ақ оның Подмосковьеде де үйі бар екені айтылады – ол жерге жиі барып тұрады.

Асад 2024 жылдың 8 желтоқсанында Дамаскке оппозициялық қарулы топтар кірген соң Сирия президенті қызметінен кетіп, елден кеткен. 2025 жылдың қыркүйегінің соңында Сирия соты оның қамауға алынуы туралы ордер шығарған.

Фото: REUTERS

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу