Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Башар Асад пен оның отбасы мүшелері Мәскеуге келді

Саясат
Башар Асад пен оның отбасы мүшелері Мәскеуге келді

Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад Мәскеуде және Ресейден баспана алды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

– Асад отбасымен Мәскеуге келді. Ресей гуманитарлық ой тұрғысына сүйене отырып, оларға баспана берді, деп хабарлады ТАСС агенттігіне Кремльдегі дереккөз.

Мәскеу БҰҰ аясында Сириядағы жағдайды реттеу үшін келіссөздерді қайта бастау қажет деп санайды, делінген ақпаратта.

Қарашаның 27 күні Сирияның қарулы оппозициясы шабуыл бастаған еді. Олар 8 желтоқсанда Дамаскті алған. Сол күні экс-президент Башар Асад елден кеткені хабарланды.

Фото: ТАСС 
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу