freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Басшылық неге ауыспайды?". «Байтақ» партиясының съезінен шу шықты

Қоғам
"Басшылық неге ауыспайды?". «Байтақ» партиясының съезінен шу шықты
azattyq.org

«Байтақ» жасылдар партиясының V кезектен тыс съезі басталар алдында съезд өтетін орынның кіреберісінде дау шықты, деп хабарлайды Malim.kz dalanews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бірқатар партия мүшелері мен өңірлік филиал өкілдері өздерін іс-шараға кіргізбегенін айтып, наразылық білдірді.  

Әлеуметтік желілерде тараған видеода партияның бірқатар өкілдері съезге тіркелгеніне қарамастан ғимаратқа өте алмай тұрғандарын айтып, ұйымдастырушылардан түсініктеме талап етеді.

«Біз партия мүшесіміз. Бізді не үшін кіргізбей жатырсыздар? Бұл партияның съезі. Біз өз құқығымызды талап етіп тұрмыз», – дейді видеодағы қатысушылардың бірі.

Видеода айтылғандай, кіре алмағандардың арасында партияның өңірлік филиалдарының жетекшілері мен мүшелері болған. Олар съезге қатысуға келгендерін, алайда ғимаратқа өткізілмегендерін мәлімдеді. Сонымен қатар, партия мүшесінің бірі "басқа партиялар басшылығын ауыстырды, неге біз де сондай өзгерістер жасамаймыз" деп ұсынысын ашық айтты. 

Партияның ресми сайтында V кезектен тыс съезге өңірлік филиалдардан делегаттар қатысатыны, күн тәртібіне сайлауалды бағдарламаны бекіту, Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну және партия жарғысына өзгерістер енгізу мәселелері енгізілгені хабарланған.  

Оқиғаға қатысты партия басшысы Азаматхан Әміртай түсініктеме беріп, "кейбі азаматтар бар, басқа партияға мүше болып кетеді. Қаржы бермесе қайтадан бізге тиіседі. Сондай қоғамдық дүрлігіске үйренген адамдардың тобы бар" деді.  

Айта кетейік, бұған дейін де, 2023, 2025 жылғы партия съездері де осылай айқай-шумен өткен болатын.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу