Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сәлем салмаймын, маған ешкім салдырма алмайды, бұл жабайылық – Баян Алагөзова

Шоу-бизнес
Сәлем салмаймын, маған ешкім салдырма алмайды, бұл жабайылық – Баян Алагөзова

Қазақстандық танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова сәлем салу дәстүрін сынап тастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол сәлем салудың үлкендерге құрмет көрсетуге еш қатысы жоқтығын да алға тартты.

Алматыға келгенімде Шымкенттен келген қыздардың үнемі иіліп, сәлем салуы мен үшін өте жабайылық болды. «Не үшін иілесің?» десем, «бұл қалыпты жағдай, солай болуы керек» дейді. Бірі «сыйластықтың белгісі» деді. Кешіріңіздер, мен әкемді құрметтеймін. Атама деген құрметім шексіз. Үлкендерге, ер адамдарға құрметпен қараймын. Бірақ иіліп, сәлем салу деген менде атымен жоқ. Маған оны үйретпеген. Үйрете де алмайды. Бұл – менің таңдауым. Мені әжем еркін өсіріп, тәрбиелеген, деді продюсер. 

Ол бұл дәстүр тек оңтүстік өңірлерде барын айтып, тиісінше ол жақтан батыр қыздар шықпағанын да тілге тиек етті.

Әжем «біздің әпкелеріміз ат үстінде жүрген» деп өсірді. Расымен, соғыс кезінде ерлік көрсеткен батыр қыздарымыздың дені Орал мен Ақтөбеден шыққан. Осы күнге дейін Шымкент пен Тараздан батыр қыздың шыққанын естідіңіз бе?! Демек батыстың қыздары еркіндікті жақсы көреді. Дәл осы жақта туып-өскеніме қатты қуанамын, деп қосты Баян Мақсатқызы. 

Фото: Баян Алагөзованың жеке парақшасынан алынған

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу