Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Баян Алагөзованың күйеуі өзбекстандық әншіге «Cadillac Escalade» көлігін сыйлады

Шоу-бизнес
Баян Алагөзованың күйеуі өзбекстандық әншіге «Cadillac Escalade» көлігін сыйлады

Белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзов өзбекстандық әнші Атхамбек Юлдашевке темір тұлпар мінгізді, деп хабарлайды Malim.kz.  

Алагөзов өзбектердің еңбек сіңірген мәдениет қайраткеріне «Cadillac Escalade» маркалы көліктің кілтін табыстады. Бұл жаңалықты әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

Бауырлас ел болғандықтан, қазақ халқының атынан сыйлаймын. Мен сізге ұзақ өмір, денсаулық және махаббат тілеймін! – деді Тұрсен Алагөзов. 

Өз кезегінде Юлдашев Алагөзовке алғысын жаудырды.

Көлік маған қатты ұнап тұр. Өте керемет екен. Бір жағынан мінуге қорқып тұрмын, – деді ол. 

Өнер иесінің жанкүйерлері де оны су жаңа көлігімен құттықтап, қазақстандық кәсіпкерге алғысын білдірген.

Фото: instagram.com/athambek_yuldashev_official

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу