freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бектенов: Интернеттегі балағат сөздер үшін жаза қарастырылып жатыр

Қоғам
Бектенов: Интернеттегі балағат сөздер үшін жаза қарастырылып жатыр
Фото: ukimet.kz

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов интернет-платформаларда балағат сөз қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, қазіргі уақытта «Онлайн-платформалар және бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленген. Құжатта ӘҚБтК-нің 434-бабын толықтыру арқылы онлайн-платформалардағы былапыт сөздер үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеу көзделген.

Заң жобасын биыл заң шығарушы органның қарауына енгізу жоспарланып отыр.

Бектеновтің түсіндіруінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық орындарда былапыт сөз айту, азаматтарға тиісу және айналадағыларға құрметсіздік танытатын өзге де әрекеттер ұсақ бұзақылық болып саналады және әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

Мұндай құқық бұзушылық үшін 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салу, 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу