1,4 млрд. Ұлытауда қайтарылған активтерден мектеп салынады

Malim Админ

  • 05.02.2025

Президенттің әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Үкімет Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық мектеп салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Білім беру нысаны «Вокзал» шағын ауданында салынады. Бүгінде шағын ауданда тұратын балалардың басым бөлігі қаланың басқа аудандарындағы мектептерде білім алуда. Олар екі ауысымда автобуспен тасымалданады. Жаңа білім ошағының құрылысы балаларды заман талабына сай оқытуға қолайлы жағдай жасап, білім алуға қол жеткізуін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар нысандардыі салуға шамамен 56,6 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысының Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай ауылындағы мектептер, Түркістан облысының Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола облысының Зеренді ауылындағы спорт кешені, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана және Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар, - деп жазды Үкіметтен.

Арнаулы мемлекеттік қорға ақша қаражатын аударудан басқа, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілерінің қаражаты есебінен Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығының құрылысы жүргізілуде.

Фото: Үкімет   

 

Байланысты жаналықтар

«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

16.04.2025

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

14.04.2025

Ғылым күнінде жұмыссыз қалған ғалымдар дабыл қақты

13.04.2025

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

12.04.2025

ШҚО әкімі жас ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

11.04.2025

"Бәрі өтпейді" - Асқар Жұмаділдаев Жаңа академия құрамына қатысты сұраққа жауап берді

09.04.2025
MalimBlocks
«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

Құдағиы мен құрбыларын ерткен Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамда қарсы алды

Ғылым күнінде жұмыссыз қалған ғалымдар дабыл қақты

В. Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты Ай мен планеталар физикасы зертханасының қызметкерлері не себепті жұмыстан босатылғанын түсіндіруге тырысты

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

ШҚО әкімі жас ғалымдарды Ғылым күнімен құттықтады

Ғылым апталығы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-де XI Халықаралық конференция өтті

"Бәрі өтпейді" - Асқар Жұмаділдаев Жаңа академия құрамына қатысты сұраққа жауап берді

Еліміздегі біраз реформалардан соң Қазақстанда екі ғылым академиясы жұмыс істеп келді. Ескі академиядан жаңаға өту үшін не істеу керек? Іріктеу қалай болады? Бұл туралы академик Асқар Жұмаділдаев жауап берді