Астанада биологиядан IBO-2024 халықаралық олимпиадасы басталады

Оған әлемнің әр қиырынан 305 биолог қатысады

Мәди Саматұлы

  • 07.07.2024

Бүгін Астанада IBO-2024 биологиядан 35-халықаралық олимпиада басталады. Олимпиада апта бойы жалғасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұл оқушылар арасындағы ең беделді олимпиадалардың бірі. Биыл оған әлемнің әр түкпірінен ең мықты 305 жас биолог қатысады. Сонымен бірге, 81 елден 275 ғалым жиналады. Еліміздің құрама командасына төрт оқушы кірген. Олар: Ғалымжан Бақтыбай, Амина Тынырбай, Нұртөре Төреханұлы, Диас Сүлейменов.

Олимпиада биохимия, молекулалық биология, биоинформатика және жануарлар анатомиясы мен физиологиясы бойынша теориялық және төрт практикалық турларды қамтиды. Олимпиаданың барлық тапсырмаларын Қазақстанның жас биологтары әзірлеген.

Жалпы, «Биологиядан Халықаралық олимпиада» әлемдегі ең үздік 7 пәндік олимпиаданың бірі. Қазақстан оқушылары 28 жыл бойы оның тұрақты қатысушысы болып келеді. Осы жылдар ішінде олар әр түрлі номинациядағы 70-тен астам марапатқа ие болған: 2 алтын, 20 күміс, 54 қола медаль. Осы көрсеткішті ескере отырып, Халықаралық ұйымдастыру комитеті олимпиаданы биыл Астанада өткізу туралы шешім қабылдаған.

Фото: ibo-info.org

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Қаржылық қауіпсіздік Халықаралық олимпиасында 3 орын алды

05.10.2024

Елордалық 3500 мұғалім марапатқа ие болды

05.10.2024

Бүгінгі ауа райы қалай болады? Синоптиктер болжамы

02.10.2024

Астанада 20 жастағы қыздың мүрдесі табылды

01.10.2024

Қазақстандық студенттер қаржылық қауіпсіздік Олимпиадасына аттанды

29.09.2024

Елордада Мұхтар Әуезов ескерткіші ашылды

29.09.2024
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Қаржылық қауіпсіздік Халықаралық олимпиасында 3 орын алды

Халықаралық олимпиадаға 36 ел өкілдері қатысқан

Елордалық 3500 мұғалім марапатқа ие болды

Биылғы оқу жылында білім беру ұйымдарына 2 мыңнан астам педагог қабылданған

Бүгінгі ауа райы қалай болады? Синоптиктер болжамы

Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түседі

Астанада 20 жастағы қыздың мүрдесі табылды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Қазақстандық студенттер қаржылық қауіпсіздік Олимпиадасына аттанды

Олимпиада Ресейдің Сочи қаласында басталды

Елордада Мұхтар Әуезов ескерткіші ашылды

Ескерткіш «Қаллеки» театрының алдына қойылды