457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ауа райына байланысты оқушылар мектепке бармайды

Синоптиктердің болжамынша, күндіз -30 градусқа дейін жетеді деп болжанып отыр

Астананы аяз буып, боран соғып тұр. Ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына көшеді. Бұл туралы Астана қалалық Білім басқармасы хабарлады. 

Астана қаласының білім басқармасы хабарлайды: 22.01.2025 жылы ауа райының нашарлауына байланысты қала мектептерінде бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлады Білім басқармасы.

Солтүстік Қазақстан облысында да қатты аязға байланысты 0-4 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады. Қазір өңірде ауа температурасы -25 градус, алайда желдің әсерінен -35 градус сияқты сезіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін антициклон әсерінен аталған өңірде осы үш күн бойы қатты аяз тұратындығын жазған болатынбыз. Синоптиктердің болжамынша, күндіз -30 градусқа дейін жетеді деп болжанып отыр.

Сондай-ақ боранға байланысты Қазақстанның 11 облысында жолдар жабылды. Полиция күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр.

Фото: Gov.kz