"Бәрі өтпейді" - Асқар Жұмаділдаев Жаңа академия құрамына қатысты сұраққа жауап берді

Еліміздегі біраз реформалардан соң Қазақстанда екі ғылым академиясы жұмыс істеп келді. Ескі академиядан жаңаға өту үшін не істеу керек? Іріктеу қалай болады? Бұл туралы академик Асқар Жұмаділдаев жауап берді

Сұлу Бөлек

  • 09.04.2025

Еліміздегі біраз реформалардан соң Қазақстанда екі ғылым академиясы жұмыс істеп келді. Ескі академиядан жаңаға өту үшін не істеу керек? Іріктеу қалай болады? Бұл туралы академик Асқар Жұмаділдаев жауап берді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Nege порталына сілтеме жасап. 

Ғалымның айтуынша,  бұл оң шешім болған.

"Өйткені екі академия болғанның ешкімге керегі де, пайдасы да жоқ. Ескі академия ғалымдары жаңасына өтемін десе, қайтадан сайлануға тура келеді. Олардың ішінде де мықты ғалымдар бар", - дейді академик. 

Бұрынғы академиктерге "Құрметті академик" атағы беріліп, құрамға кіреді.

"Әрі қарай жұмысына қарап көреміз. Жаңа академияның мүшесі болу үшін бес баспалдақтан өтеді. Бәрі өтпейді. Егер олар арыз берсе, қарастырамыз. Бермесе, ешкім атағын тартып алмайды. Олардың құқығын бұзбаймыз. Қалған мәселе академияның кеңесінде шешіледі. Әлі құрылып бітпей жатырмыз. 20 жылда қираған нәрсе бір күнде шешілмейді ғой", - дейді ол. 

Фото: abay.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстан хоккей құрамасы Олимпиадаға іріктеуді жеңіспен бастады

29.08.2024

Маңғыстауда жас психологтарды тегін оқытуға іріктеу жүріп жатыр

26.07.2024

Жұрынов: Аймағамбетовтің министрлігін екіге бөлген дұрыс

29.12.2020
MalimBlocks
Қазақстан хоккей құрамасы Олимпиадаға іріктеуді жеңіспен бастады

Алғашқы ойында Венгрияны тізе бүктірді

Маңғыстауда жас психологтарды тегін оқытуға іріктеу жүріп жатыр

Іріктеу кезеңі 5-тамызға дейін жалғасады.

Жұрынов: Аймағамбетовтің министрлігін екіге бөлген дұрыс