Дубай шоколадынан зиян қоспалар табылды

Сұлу Бөлек

  • 11.05.2025

Германиялық ғалымдар танымал "Дубай шоколадына" қатысты талдау жүргізіп, оның көшірмелері ағзаға зиян екенін анықтаған, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.  

24kz мәліметінше, көшірме құрамында зиянды заттардың бірнеше түрі бар. Осыдан кейін тәттіні Еуроодаққа тасымалдау тәртібі қатаңдатылды. Тек түпнұсқасын шекарадан өткізуге рұқсат берілген. 

Дубайлық кондитер Сара Хамуда ойлап тапқан шоколад әлемде әлі аса танымал. Әмірліктен оны арнайы тапсырыс беріп алатын адам көп. Дегенмен, атауы бір болғанымен, құрамы өзгеше шоколадқа тап болатындар да аз емес. Осы күні тәттіден ағзаға зиян заттар анықталып отыр. Кей саудагерлердің жасырын маркетингтік қадамынан туристер зардап шеккен. 

"Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркиядан алып келген 8 шоколадқа тексеріс жүргізілді. Соның алтауында өсімдік және пальма майы өндірісінде қолданылатын химиялық қоспалар табылды. Әсіресе, Әмірліктен жеткізілген өнімдерде шамадан тыс мөлшері анықталды. Оған қоса, глицидил эфирі де бар болып шықты", - дейді Штутгарт химиялық зерттеулер басқармасы. 

Осыдан кейін Германия тарапы тәтті десерттің шекара асуына біршама шектеу енгізді. Жалған тауар белгісін қолдануға мүлде тыйым салынды. Түпнұсқаны тек белгілі бір мөлшерде тасымалдауға рұқсат.  Жалпы Дубайда кондитерлік өнімге сұраныс аса жоғары емес. Тұрғындар арасында дәмін татып көрмегендер де бар.
Фото: KatMoys / Shutterstock / Fotodom

 

Байланысты жаналықтар

"Бәрі өтпейді" - Асқар Жұмаділдаев Жаңа академия құрамына қатысты сұраққа жауап берді

09.04.2025

«Шегірткеден шығын келген жоқ»: АШМ зиянкестермен қалай күресіп жатыр

24.06.2024

Донор тапшылығы отандық  трансплантацияны  тежеп тұр    

17.08.2022

Ішімдік – жамандықтың көзі

30.09.2020
MalimBlocks
"Бәрі өтпейді" - Асқар Жұмаділдаев Жаңа академия құрамына қатысты сұраққа жауап берді

Еліміздегі біраз реформалардан соң Қазақстанда екі ғылым академиясы жұмыс істеп келді. Ескі академиядан жаңаға өту үшін не істеу керек? Іріктеу қалай болады? Бұл туралы академик Асқар Жұмаділдаев жауап берді

«Шегірткеден шығын келген жоқ»: АШМ зиянкестермен қалай күресіп жатыр

Биыл жәндіктермен күреске 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Донор тапшылығы отандық  трансплантацияны  тежеп тұр    

Әсіресе, балалар трансплантологиясы мүлде жоқ

Ішімдік – жамандықтың көзі