Ақтөбелік ішкі органдарын сатпақ болған

Прокуратура адамның ішкі ағзаларын заңсыз сату әрекетін анықтады, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.
"Заң және Тәртіп" идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасы қызметкерлерімен әлеуметтік желіге орналастырылған жарияланымдарға мониторинг жүргізу барысында Ақтөбе қаласының тұрғынының бірі, өзінің ішкі органдарын сатуы бойынша ықтимал заңсыз мәміле жасау туралы ақпарат алынды.
Алынған мәліметтер негізінде облыс прокуратурасының қаулысына сәйкес облыстық полиция Департаментімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.
2025 жылғы 30 сәуірде облыс прокуратурасымен бастамашылық жасалған жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жалпы соммасы 15 млн теңгеге адамның ішкі органдарын сату бойынша заңсыз мәміле жасамақ болған күдікті ұсталды.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) соталды тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.
Фото: Pixabay.com
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
