«Шегірткеден шығын келген жоқ»: АШМ зиянкестермен қалай күресіп жатыр

Биыл жәндіктермен күреске 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Берік Дәулетов

  • 24.06.2024

Айдарбек Сапаров шегіртке жайлаған өңірлерді өзі аралап, жағдайды қатаң бақылап отырғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, зиянкестермен күреске препаратта та, қаражат та жеткілікті.

Ал былтыр бұл жәндіктер 1,5 млн гектар жерге тараған. Бірақ оларды жоятын өнім уақытында алынбағандықтан 2,5 млн гектар жерге көбейіп кеткен.

Ауыл шаруашылығы министрі егер шаруаларға шегірткеден шығын келсе 5 пайыз жеңілдікпен субсидия беру мәселесі қарастырылғанын айтты.

Жалпы, биыл зиянкестермен күреске 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Шегірткеден келген шығын жоқ бүгінгі күнде. Жаңа ғана келген шегіртке бірақ біздікілер уақытында обработка жасап үлгердік. Бекітілген бюджетте 4,2 млрд теңге ғана болды. Премьер-министр қолдап, тағы да 3,9 берді. Сондықтан бүгінгі күні қаражатымыз жеткілікті. Препаратымыз жеткілікті, - деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Фото: turkystan.kz

Байланысты жаналықтар

Елдегі зейнетақы қоры 285 млрд теңге инвестициялық шығынға ұшырады

25.02.2025

Ел Үкіметі шегірткемен күресу үшін биыл 7 млрд теңге бөледі

06.02.2025

Қарағанды облысында лимфангит дертінен 300 жылқы қырылған

19.01.2025

Ауыл шаруашылығы саласында 595 мың адам жұмыс істейді

08.01.2025

Каспий итбалықтарының шығыны 1,5 млрд теңгені құрауы мүмкін

24.11.2024

Үкімет алдағы 3 жылда қарыздарға 7,2 трлн теңге жұмсайды

07.11.2024
MalimBlocks
Елдегі зейнетақы қоры 285 млрд теңге инвестициялық шығынға ұшырады

Ел Үкіметі шегірткемен күресу үшін биыл 7 млрд теңге бөледі

 Былтыр зиянкестің таралу аумағы 3 млн гектар болса, биыл 2 млн гектарға дейін азайды.

Қарағанды облысында лимфангит дертінен 300 жылқы қырылған

Жылқы иелері шығынға ұшырадық деп шағымданып жатыр

Ауыл шаруашылығы саласында 595 мың адам жұмыс істейді

Агроөнеркәсіп 4 млн адамның қаржылық әл-ауқатына тікелей немесе жанама түрде әсер етеді

Каспий итбалықтарының шығыны 1,5 млрд теңгені құрауы мүмкін

Мамандар шығын көлемін есептеді

Үкімет алдағы 3 жылда қарыздарға 7,2 трлн теңге жұмсайды

2024 жылы үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге 2,02 трлн теңге сомасында шығыстар көзделген