Ұлттық құрылтай құрамында өзгеріс енгізілді

Ұлттық құрылтай құрамында өзгеріс енгізілді, - деп хабарлайды Malim.kz.
Ұлттық құрылтайдың жұмысына қоғам өкілдері тартылды. Атап айтқанда, Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Имамзада Шәкіртаев, Қазақстандағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров, Павлодар облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бақыт Бексеитова және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі, математик Дүрвудхан Сураған құрылтай құрамына енді.
Ротация аясында Ұлттық құрылтай құрамынан Л. Тараков (қайтыс болуына байланысты), Б. Қаниев, Қ. Бисенов, А. Орынбек, С. Сәдуақасов, М. Жабағин шығарылды.
ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Қылышбай Бисенов Ұлттық құрылтай құрылған күннен бастап оның құрамында болды. Ол "Білім және ғылым" секциясында техникалық, кәсіптік және жоғары білімге қатысты қолданыстағы нормативтік құжаттардың мазмұнына байланысты бірқатар ұсыныс білдірген болатын.
Фото: Ақорда


Ең көп оқылған
