Биыл 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

Бұл ретте есептеулер кезінде базалық стипендия үшін 2020 жылғы шәкіртақылардың мөлшері есепке алынады.

Берік Дәулетов

  • 17.06.2024

Биыл 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы өседі, деп хабарлайды Malim.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің хабарлауынша, 2021-2025 жылдарға арналған жол картасына сәйкес, стипендия екі есеге өседі.

Бұл ретте есептеулер кезінде базалық стипендия үшін 2020 жылғы шәкіртақылардың мөлшері есепке алынады. Мысалы, бакалаврларда бұл сома 26 186 теңгені құраған, демек осы сома жыл сайын 20 пайызға артады.

Осыған ұқсас есептеу тетігі Денсаулық сақтау министрлігі мен Назарбаев Университетінің стипендияларын қоспағанда, магистратурада да, докторантурада да қолданылды, – деп нақтылады комитет.

Белгілі болғаны:

бакалаврлар – 20 пайызға (41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика

бағытында оқитындарға 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін);

интерндерге – 75 890 теңгеден 85 376 теңгеге дейін;

магистранттарға – 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін;

докторанттарға – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін;

«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша оқитын докторанттардың шәкіртақысы – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін;

«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 111 579 теңгеден 123 122 теңгеге дейін өседі.

Комитет атап өткендей, осы жылдың бюджетінде стипендияларды ұлғайтуға қаражат толық көлемде жоспарланған. Өсім есебінен 180 мыңнан астам студенттің табысы артады.

Коллаж: turkystan.kz 

Байланысты жаналықтар

«Болашақ» стипендиаттарына қанша қаржы бөлінді?

23.09.2024

Биылғы «Болашақ» стипендиясын кім алғаны белгілі болды

03.09.2024

Қыркүйектен бастап студенттер мен магистрант, докторанттардың шәкіртақысы көбейді

01.09.2024

Биылғы оқу жылында 3,9 млн-нан астам оқушы мектепке барады

31.08.2024

Студенттердің стипендиясы 50%-ға көбейеді

29.08.2024

1 қыркүйекте Алматыдан басқа өңірлерде Білім күні атап өтіледі

23.08.2024
MalimBlocks
«Болашақ» стипендиаттарына қанша қаржы бөлінді?

Бағдарлама бойынша 939 қазақстандық білім алып жатыр

Биылғы «Болашақ» стипендиясын кім алғаны белгілі болды

Қыркүйектен бастап студенттер мен магистрант, докторанттардың шәкіртақысы көбейді

Үкімет қаулысына 1 шілдеде қол қойылған еді

Биылғы оқу жылында 3,9 млн-нан астам оқушы мектепке барады

Ертең елімізде қайта жаңартылған 178 мектеп ашылады

Студенттердің стипендиясы 50%-ға көбейеді

Бакалавриат 20%-ға, магистратура мен докторантура 15%-ға артты

1 қыркүйекте Алматыдан басқа өңірлерде Білім күні атап өтіледі

2024-2025 жаңа оқу жылында 345 мың оқушы 1-сыныпқа барады.