"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

"Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығы халықаралық "Болашақ" стипендиясын иеленгендердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Республикалық шетелде кадрлар даярлау комиссиясының шешімімен 189 қазақстандық халықаралық стипендия иегері атанды.
"Биыл конкурс кезең-кезеңімен өткізілетін жаңа ереже бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бұл тәртіп кешенді тестілеу мен жеке сұхбатты қамтиды. Жаңа стипендиаттардың жалпы санының ішінде 164 адам магистратурада, 10 адам докторантурада оқиды. Ал 15 қазақстандық әлемнің жетекші университеттері мен орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді", — делінген орталықтың хабарламасында.
27 мамырдағы стипендия иегерлерінің толық тізімі мына сілтемеде.
Айта кетейік, 2024 жылы халықаралық "Болашақ" стипендиясын 150 қазақстандық иеленген болатын.
Еске салайық, "Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау 2025 жылғы наурызда басталған. Шетелде кадр даярлау кезінде инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға басымдық беріледі.
2025 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алуға 645 стипендия бөлінген. Оның ішінде:
магистратура бойынша – 411 стипендия,
докторантура/резидентура бойынша – 41 стипендия,
тағылымдама бойынша – 193 стипендия.
Фото: Болашақ сайтынан

Самое читаемое
