457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Серік Қонақбаев Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер тізіміне енді

1980 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, боксшы Серік Қонақбаев Forbes Kazakhstan-ның жаңартылған рейтингіне еніп, елдегі ең бай 75 кәсіпкердің ішінде 73-орын иеленді. Басылым оның байлығын 93 миллион доллар деп бағалап отыр, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Forbes деректері бойынша, Қонақбаев "SSM Oil" ЖШС-нің акционері және "K-Global Invest" ЖШС арқылы аталған компанияның 60% үлесіне иелік етеді. Компанияның негізгі қызметі — Қызылорда облысында көмірсутектерді барлау және өндіру. Әзірге барлық жоба сынақ пайдалану кезеңінде.

Сонымен қатар, Қонақбаевтың "ARK Petroleum" ЖШС-де де үлесі бар, бұл компания 2023 жылы Маңғыстау облысындағы Шалва кен орнында пайдалы қазбаларды барлау және өндіру туралы келісімшарт жасаған.

Фото: ҰОК