«Болашақ» бағдарламасы бойынша кімдер бакалавриатта оқи алады

Malim Админ

  • 04.12.2024

Мәжіліс заңнамаға дарынды балаларды қолдау саясатын жетілдіріп, мемлекеттік тілдің қолданысын біріздендіруді көздейтін заң жобасын қабылдады.


Заң жобасын әзірлеген жұмыс тобының жетекшісі, Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов аталған заңда мемлекеттік тілдің цифрлық ұлттық сөздік қорын жасау туралы арнайы норма болатынын айтты. Бұл норма мемлекеттік тілді жасанды интеллекттің күшімен дамытуды көздейді.

Сондай-ақ, құжатта беделді халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми сайыстарда жеңімпаз атанған жастарды «Болашақ» бағдарламасының аясын кеңейту арқылы қолдайтын норма бар. 

- Біз «Болашақ» бағдарламасының аясын кеңейтуді ұсынып жатырмыз. Қазір «Болашақ» бағдарламасы бойынша тек магистратура және докторантура деңгейінде ғана білім алуға болады. Біз соған бакалавриатты да қосып отырмыз. Бірақ ол бәріне емес, тек дарынды, яғни арнайы тізімге кірген, таңылған, беделді деген халықаралық олимпиадада немесе ғылыми сайыста жеңімпаз атанған талапкер, өз бағыты бойынша әрі қарай білім аламын десе, оған «Болашақ» бағдарламасы» аясында шетелде мемлекет есебінен жоғары білім алуға мүмкіндік беріледі. Ол балалар «Болашақ» арқылы бакалавр дәрежесінде білім алғаннан кейін кемінде 3 жыл бойы Қазақстанда жұмыс істеуге міндеттеледі, - дейді Асхат Аймағамбетов.

Фото: freepik.com

 

 

Байланысты жаналықтар

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

06.05.2025

Қазақстандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

02.05.2025

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

15.04.2025

Шетелдегі соғысқа барып жатқандарға өмір бойына сотталатыны ескертілді

09.04.2025

"Өмір бойына бас бостандығынан айырылу". ІІМ шетелде әскери қақтығыстарға қатысқысы келетіндерге ескерту жасады

08.04.2025
MalimBlocks
ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

Қазақстандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

Шетелдегі соғысқа барып жатқандарға өмір бойына сотталатыны ескертілді

"Өмір бойына бас бостандығынан айырылу". ІІМ шетелде әскери қақтығыстарға қатысқысы келетіндерге ескерту жасады

ІІМ Қазақстан азаматтарын шетелде әскери қақтығыстарға қатысу үшін ақша алуға қатысу жауапкершілігі туралы ескертті