Ертіс-Баян өңірінде Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған шаралар өтіп жатыр

Ғалымдар тұлғаның халқы үшін жасап кеткен еңбегіне тоқталып, бүгінгі заман тұрғысынан баға берді

Malim Админ

  • 17.08.2024

Павлодарда  әйгілі геолог ғалым, отандық ғылым академиясының негізін салушы академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар өтіп жатыр. 


Облыс орталығында «Академик Қ. И. Сәтбаев феномені: кеше мен бүгін» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

Сенат депутаты, «Қ. И. Сәтбаев халықаралық қоры» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алтынбек Нұхұлы тұлғаның халқы үшін жасап кеткен еңбегіне тоқталып, бүгінгі заман тұрғысынан баға берді.

- Қаныштың бүгінгі ұрпақ үшін салып кеткен жолы үлкен үлгі-өнеге. Сонау Томскіде оқып жүрген шағынан-ақ ұлттық дүниелерге, руханиятқа құмартқан. Олай болмаса 1927 жылы Мәскеуде Едіге туралы кітапты басып шығарар ма еді! Бұл кітап сол уақытта 3 мың тиражбен тараған. Қанағаң қазақтар арасынан шыққан тұңғыш кәсіби инженер, алғашқы ғылым докторы, ал Орта Азия елдері арасында шыққан алғашқы академик. Сарыарқа, Ұлытау, Жезқазған өңірлерін зерттеп, жер қойнауындағы ұшан-теңіз кен байлығын анықтаған соң жез бен мыс қорларын игеру үшін өндіріс орындарын тұрғызу қажеттігін тұжырымдады. Соғыстан кейінгі жылдары Орталық Қазақстанда алып құрылыстар бой көтеруі тиіс еді. Қарағанды металл қорыту комбинаты, Үлкен Жезқазған жез комбинаты, Павлодардағы алюминий мен Ақсудағы ферроқорытпа зауыттары және Екібастұздағы көмір бассейні негізінде ірі-ірі электр стансалар салынуы қажет-тін. Бұл ірі жобаларды жүзеге асыру құлазыған сары даладағы су тапшылығы мәселесіне келіп тірелді. Бұл ауқымды мәселені түбегейлі шешу мақсатында Қаныш ағамыз жылдар бойы көп жұмыстар атқарды. Өндірістерге су жеткізу жолында ол көп қиындықтарға кезікті. Ақыр-соңы академик Шапық Шөкинмен тізе қоса жүріп, Ертістің суын бұрып, Ертіс-Қарағанды каналын салды. Мұны ғасыр құрылысы деуге болады. Себебі бүгінде сол канал арқылы Ертістің суы Екібастұз, Қарағанды, Теміртауға дейін барып, тіпті Астанаға жетіп тұр. Ал қазақ даласындағы өндірістің болашағын болжай білген Қанағаңды теңдессіз ғалым ғана емес, әулие десек те жарасады, - деп толғанды ғалым.

Ғұламаның 125 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар бүгін Қаныш Сәтбаевтың туған жері Баянауыл ауданында жалғасады. Таутұлғаның туған жері – Баянауылда этноауыл құрылып, сән-салтанаты жарасқан киіз үйлер сап түзеді. Мұнда республикалық ақындар айтысы, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар, қолөнершілер мен суретшілер көрмелері, концерт және тағы басқа іс-шаралар өтеді.

Фото: kazinform.kz

 

Байланысты жаналықтар

Алапат өрт сөнбей жатыр

07.10.2024

«Оңбай құлап, қайта тұрдым»: Қыдырәлі Болманов түрмедегі сотталушыларға кеңес берді

03.10.2024

Павлодарда КСРО төлқұжатымен тұрып келген 12 адам анықталды

26.09.2024

Павлодарда 6 сынып оқушысы екі оқушыны пышақпен жарақаттаған

14.09.2024

Павлодарда ауызсу тарифін заңсыз көтерген кәсіпорын жауапқа тартылды

15.08.2024

Баянауылда қарақұрт қаптап барады

06.08.2024
MalimBlocks
Алапат өрт сөнбей жатыр

Өрт сөндіруге 600-ден астам адам, 110 техника және төрт әуе кемесі жұмылдырылған

«Оңбай құлап, қайта тұрдым»: Қыдырәлі Болманов түрмедегі сотталушыларға кеңес берді

Өнер иесі өмірінде болған шытырман оқиғаларға тоқталды

Павлодарда КСРО төлқұжатымен тұрып келген 12 адам анықталды

Құжаты жоқ адамдардың дені ТМД-дағы өзге мемлекеттерден келгендер

Павлодарда 6 сынып оқушысы екі оқушыны пышақпен жарақаттаған

Оның заңды өкілі жауапқа тартылып, оқушы үйде оқытылатын болды

Павлодарда ауызсу тарифін заңсыз көтерген кәсіпорын жауапқа тартылды

Кәсіпорын сумен жабдықтау қызметтері үшін 1 текше метрге 201,75 теңге мөлшерінде артық тарифті негізсіз белгілеген.

Баянауылда қарақұрт қаптап барады

Шөптер мен өсімдіктердің арасынан қарақұрт өрмекшілері, жұмыртқалары, қабықтары табылды