Оқулықтарды қайта қарау үшін 16 млрд теңге шығын келген

Malim Админ

  • 17.02.2025

Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасы орта білім беру саласын дамытуға және оның сапасын арттыруға бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне аудит жүргізді, - деп хабарлайды Malim.kz. 


Аудит барысында 1,1 млрд теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, 62,4 млрд теңгеге — қаражат пен ресурстарды тиімсіз жоспарлау және 3,2 млрд теңгені — тиімсіз пайдалану анықталған.

2019 жылдан бергі кезеңді қамтыған аудиторлық шара қорытындысына сәйкес, Қазақстанда мектептер саны тұрақты өскен. 2023-2024 оқу жылы олардың саны 7,8 мыңнан асқан. Оқушылар мен оқытушылар саны да артып келеді. Бұл елдегі білім берудің қолжетімділігін көрсетеді.

Орта білім беру жүйесін қаржыландыру да тұрақты өсіп отыр, оған жұмсалған шығыстар 2019 жылғы 1,3 трлн теңгеден 2024 жылы 4,8 трлн теңгеге дейін — 3 есе артқан. Бұл мемлекет үшін осы саланың басымдығын растайды.

Алайда мемлекеттік аудит орта білім беруді дамыту шараларының тиімділігін төмендететін бірқатар проблема мен жүйелі кемшіліктерді анықтаған. Палата мүшесі Нұрлан Нұржановтың айтуынша, олар — стратегиялық жоспарлауға, білім беру сапасын бағалауға, педагогтерді даярлауға және оларды жұмысқа орналастыруға, қайта даярлау сапасына, білім беру процесін әдіснамалық қамтуға және мемлекеттік реттеу мен бақылауға қатысты.

Білім беру саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамалар жиі өзгеріп отырған. Стратегиялық құжаттардың үнемі ауысып отыруы бұрынғы бастамалардың аяқсыз қалуына әкеп соғады. Осы себепті білім беру саясатында сабақтастық пен тұрақтылық жоқ.

Оқу-ағарту министрлігі бірінші кезекте қабылданатын құжаттар реформалардың дәйектілігін қамтамасыз етуі керегін қадағалауы керек. Соңғы жылдары орта білім беруді қаржыландыру 3 еседен астам өскен. Мұндай жағдайда мемлекет қабылданып жатқан шаралардан үлкен нәтиже күтетіні анық, — деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов.

Аудиторлық қорытындыға сәйкес, педагогтерді даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс қалыптастыруда Еңбек министрлігінің болжамдары мен білім беру жүйесінің нақты қажеттіліктері арасында айтарлықтай сәйкессіздіктер бар. Бұл — есептеу әдіснамасының кемшіліктері.

Біліктілікті арттыру бөлігінде — педагогтерді курстардан кейінгі қолдау мәселесі әлі де өзекті болып қалуда. Бұл жүйе мұғалімдерге жаңа білімді практикада қолдануға септігін тигізуі керек, бірақ іс жүзінде тек семинарлармен, жарияланымдармен ғана шектеледі.

Білім беру стандарттары саласындағы реформалар жүйелі жүргізілмейді. Оқу жоспарларындағы жиі өзгерістер шығарылып қойған оқулықтарды қайта қарауға және бюджеттің тиімсіз шығыстарына әкеледі. Соңғы 5 жылда оқулықтарды қайта қарау салдарынан 16 млрд теңгеден астам экономикалық шығын келген. Оқулықтардың сапасын сараптау мен бақылауда да кемшіліктер анықталған. 5 жылда бағалау өлшемшарттары 12 рет өзгерген, бұл орнықты бағалау жүйесінің жоқ екенін көрсетеді.

Сонымен бірге, лицензиялау да — сапалы білім алудағы мемлекеттік кепілдігінің бірі. Алайда елде мемлекеттік мектептерді қоса алғанда, 66 мектеп лицензиясыз жұмыс істейді. Аттестаттаудан сәтті өту пайызы төмен, мектептердің тек 18,2%-ы аттестаттаудан бір дегеннен өте алады. Бұл білім беру мекемелерінде таралған жүйелі проблемаларды дәлелдейді.

Фото: Gov.kz 

 

Байланысты жаналықтар

Шымкенттегі мектептердің көбі мемлекеттік аттестациядан өте алмады

14.02.2025

Жоғары білім беру мектебі үздіктер қатарына енді

13.02.2025

KAZLLM АУҚЫМДЫ ТІЛ МОДЕЛІ ӘЗІРЛЕНДІ

13.02.2025

Қазақстан әскері қашан толық қазақша сөйлейді?

12.02.2025

Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

08.02.2025

Кейбір мектептерде оқу пәндері біріктірілуі мүмкін

06.02.2025
MalimBlocks
Шымкенттегі мектептердің көбі мемлекеттік аттестациядан өте алмады

70 мектептің 52-сі білім беру талаптарына сай емес

Жоғары білім беру мектебі үздіктер қатарына енді

KAZLLM АУҚЫМДЫ ТІЛ МОДЕЛІ ӘЗІРЛЕНДІ

Қазақстан әскері қашан толық қазақша сөйлейді?

Бүгінде әскери оқу орындарында курсанттардың 70 пайызы мемлекеттік тілде білім алып жатыр  

Қандай пәндердің мұғалімдері әлсіз? Министр Бейсембаев ұстаздардың осал тұсын айтты

Бұл білім беру бағдарламалары қайта қарауды талап етеді

Кейбір мектептерде оқу пәндері біріктірілуі мүмкін

Алтынсарин академиясының мамандары осындай шешімге келді