Студенттердің стипендиясы 50%-ға көбейеді

Бакалавриат 20%-ға, магистратура мен докторантура 15%-ға артты

Malim Админ

  • 29.08.2024

Үкімет мүшелерінің қатысуымен «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемесі толығымен орындалып жатқанын айтты.


– Мемлекеттік бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға (52,8%) бағытталған. Жыл сайын ең төменгі және базалық зейнетақы, сондай-ақ жалақы мөлшері өсіп келеді. Колледж студенттеріне берілетін стипендия мөлшері 50%-ға, бакалавриатқа 20%-ға, магистратура мен докторантураға 15%-ға артты. 1 қыркүйектен бастап 445 мың студенттің стипендиясы өседі (15-50% шегінде).

1 млн 700 мың мектеп оқушысын, сондай-ақ бала-бақшадағы 100 мыңға жуық баланы тегін тамақтандыруды мемлекет толықтай өз мойнына алды. Оған бюджеттен 179 млрд теңге бөлінді. Биыл 1-сыныпқа 352 мың бала барады. Оқушы орындарының тапшылығын жою үшін 302 мектептің құрылысы жүргізілуде, 70 мектептің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін әлеуметтік төлем енгізілді. Бүгінде 1,7 млрд теңге көлемінде аталған әлеуметтік көмекті 9 мыңнан астам жұмысшы алды, - деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы сондай-ақ өткен жылы Отбасының цифрлық картасы іске қосылғанын атап өтті. Онда әрбір қазақстандық отбасы туралы, яғни 6 млн 300 мың отбасы туралы ақпарат бар. Барлық отбасы әл-ауқат деңгейіне байланысты 5 санатқа бөлінген. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, микронесие беру, субсидиялау, медициналық сақтандыру жүйесіне тарту арқылы қиын жағдайдағы отбасылар санын қысқартудың нақты тетігі әзірленді.

– «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жалғасып жатыр. Биыл 102 нысанның құрылысы аяқталды. Жоспарланған 655 нысанды пайдалануға беру 4 млн-нан астам ауыл тұрғынын сапалы медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді, - деді Премьер-Министр.

Фото: ehonews.kz 

Байланысты жаналықтар

Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

17.05.2025

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

17.05.2025

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

16.05.2025

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

16.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?

13.05.2025
MalimBlocks
Кәсіпкерлер "Ulttyq ónim" көрмесінде өз жетістігін паш етті

Бектенов сарапшылармен экономиканың даму мәселелерін талқылады

ШҚО-да WorldSkills Shygys 2025 өңірлік чемпионаты аяқталды

Әкім бухгалтері ақша жымқырған: соталды тергеу басталды

 

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Елімізде шегірткемен күреске бюджеттен қанша бөлінді?