Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бразилияда ұшақ автобусқа соғылды

Әлем
Бразилияда ұшақ автобусқа соғылды

Бразилиядағы ұшақ апаты Сан-Паулудағы көшеде шұғыл қонуға әрекеттенген кезде ұшақ автобусқа соғылды. Апат салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұшақ жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:20 шамасында Сан-Паулудағы Маркиз де Сан-Висенте даңғылында көліктерге соқтығысқан.

Ұшақ Кампо-Ди-Марти әуежайынан (Сан-Паулу) таңғы сағат 7:15 шамасында ұшып, Порту-Алегре қаласына бет алды.

Алайда ұшқаннан кейін небәрі бес минуттан соң әуе кемесі көшеге шұғыл қонуға тырысып, автобусқа соғылды. Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, апат болған кезде автобуста жолаушылар болған жоқ.

Басылымның хабарлауынша, King Air F90 шағын әуе кемесі сегіз жолаушыны тасымалдауға арналған. Бортта апаттың құрбаны болған екі адам ғана болған.

Сондай-ақ Daily Mail "шұғыл қонудың себебі әлі белгісіз" деп жазды.

Фото: Видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу