Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Брюссельде Еуропа көшбасшыларының саммиті өтіп жатыр

Әлем
Брюссельде Еуропа көшбасшыларының саммиті өтіп жатыр

Батыс БАҚ-тарының хабарлауынша, күн тәртібінде Украинаға болашақ қолдау мен 800 миллиард еуролық қорғаныс жоспары бар, деп хабарлайды Malim.kz.

Жиынға Украина президенті Владимир Зеленский қатысып, еуропалық көшбасшыларға “батыл қолдауы” үшін алғыс айтты. Ол Франция президенті Эммануэль Макрон және Бельгия премьер-министрі Барт де Вевермен жеке кездесті. Кездесуде Трамп әкімшілігін қанағаттандыратын және бейбітшілікке жеткізетін Украинаға қатысты соңғы ұсыныстар талқыланған.

Германия канцлері Олаф Шольц қорғаныс шығындарын арттыру үшін ел Конституциясын өзгерту мүмкіндігін мәлімдеді.

Польша премьер-министрі Дональд Туск Францияның ядролық тежеу жөніндегі ұсынысын Еуропаның қорғаныс әлеуетін үйлестіру жоспарының бір бөлігі ретінде мұқият қарастыру қажет екенін айтты.

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуропадағы қорғаныс шығындарын 800 миллиард еуроға арттыруды бірінші кезекте атап өтті. Оның айтуынша, бұл – Еуропа мен Украина үшін “бетбұрыс сәті”. Оны көптеген еуропалық көшбасшылар қолдады.

Алайда Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан қарсы пікір білдірді. Ол саммит алдында Украина бойынша ЕО мәтініне вето қоюға ниетті екенін айтып, Еуроодақты Трамптың үлгісімен Владимир Путинмен тікелей бейбіт келіссөздер бастауға шақырды.

Фото: Omar Havana/AP Photo/picture alliance

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу