Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бүгін елімізде мұнай-газ кешені қызметкерлері күні

Экономика
Бүгін елімізде мұнай-газ кешені қызметкерлері күні

ENERGY MONITOR телеграм-арнасының жазуынша, Қазақстан мұнайы мемлекеттік қазынаға (бюджет және Ұлттық Қор) барлық салық түсімдерінің 40%-ын береді (жылына 8 трлн теңгеден астам).

Қазақстан мұнайы – орташа жалақысы 700 мың теңгені құрайтын (жыл сайынғы жалақы қоры – 2 трлн теңге) 240 мың жұмыс орны (мұнай компаниялары штатында 60 мың, мұнай сервистерінде 180 мың).

Қазақстан мұнайы – жыл сайын 6 трлн теңге сатып алу (тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, қаражаттың 60%-дан астамы ел ішінде қалады).

Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің бірінші жексенбісінде мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Биыл мереке Қазақстан мұнайының 125 жылдығымен тұспа-тұс келді

Еліміздегі алғашқы мұнай өндірген Қарашүңгіл кен орны 1899 жылдың күзінде ашылған.

Фото: kz.kursiv.media

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу