Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бүгін Германиядағы Volkswagen зауыттарының жұмысы тоқтайды

Экономика
Бүгін Германиядағы Volkswagen зауыттарының жұмысы тоқтайды

Кәсіподақ өкілдері 2 желтоқсанда Volkswagen автоконцернінің барлық қызметкерлерін наразылық өткізуге шақырған. 

Себебі, жұмысшылар мен концерн арасындағы еңбек дауын бейбіт жолмен шешуге міндеттейтін келісімнің мерізімі біткен. Мұндай мәлімдемені IG Metall аймақтық кеңесінің басшысы Торстен Грёгер 1 желтоқсан кешке жасады.  

Кәсіподақ өкілдері мұндай қадамға автогиганттың түрлі себептермен қызметкерлерін жұмыстан қысқартып, тіпті, Германиядағы кейбір зауыттарды жапқалы отырғаны ықпал еткен. 

– Біз келіссөздер үстелінде ымыраға келуге дайын екенімізді көрсеттік. Алайда, келісім үшін созған қолымыз кері қайтты. Енді компанияға ескерту ереуілдері өтеді. Бұл назардан тыс қалмайды. Жақын арада барлық зауыттарда өндіріс уақытша тоқтайды, – деді Торстен Грёгер.

Ресми дерек бойынша, Германияда Volkswagen компаниясының 10 зауыты бар. Онда шамамен 120 мың адам жұмыс істейді. 

Фото: DW 
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу