Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бүгінге дейін 57 этникалық қазақ Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндігін алған

Экономика
Бүгінге дейін 57 этникалық қазақ Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндігін алған

Әлемде инвестициялар үшін бәсекелестік күшейген заманда елдегі бизнес-иммиграцияны одан әрі дамыту бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Біздің елде этникалық қазақтарды «Ата жолы» картасына тарту бойынша шаралар қолға алынған. Осы картаны алуға үміткерлердің географиясы кеңейіп келеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтты. Оның сөзінше, бүгінгі таңда Ресей Федерациясы, Германия, Қытай сияқты таяу шет елдермен қатар, «Ата жолы» картасын алуға АҚШ, Еуропалық Одақ елдерінің азаматтары – этникалық қазақтар да қызығушылық танытыпы отыр.

Айта кетейік, «Ата жолы» картасы өз елдерінде сұранысқа ие кәсіптері бар немесе табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда кеңінен қолдануға ниет білдірген этникалық қазақтарға беріледі. Бүгінде «Ата жолы» картасын 57 этникалық қазақ алған. Оның ішінде 31 адамның мамандығы сұранысқа ие мамандық болса, 26 адам кәсіпкер. «Ата жолы» картасын алған этникалық қазақ, көбіне, Астана және Алматы қалаларында тұрады.

Фото: ortcom.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу