Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Былтыр елде 36 заңсыз криптоайырбастау пункті жойылған – ҚМА

Экономика
Былтыр елде 36 заңсыз криптоайырбастау пункті жойылған – ҚМА

2024 жылы жалпы айналымы 60 млрд теңгені құрайтын 36 заңсыз криптоайырбастау пункті жойылған. Сонымен бірге, 4,8 млн USDT (шамамен 2,5 млрд теңге) активі бұғатталып, тәркіленген, деп хабарлайды Malim.kz.

Өткен жылды қорытындылаған Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп атқарған жұмыс нәтижесінде 3,5 мыңнан астам заңсыз онлайн криптоайырбастау қызметі бұғатталған.

Инвестициялар тарту үшін криптовалютаны пайдаланған екі қаржылық пирамида әшкереленді. 545 мың USDT қайтарылды және 120 мың USDT бұғатталды, деп жазылған агенттік мәлімдемесінде.

Агенттік ақпаратына қарағанда, соңғы жылдары қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыру схемаларында заңсыз криптоайырбастаушылар маңызды рөл атқарады, олар криптовалютаны фиаттық валюталарға және керісінше конвертациялауға мүмкіндік береді.

Мұндай құрылымдар өз клиенттерін сәйкестендірмейді және күдікті операцияларды анықтамайды. Сондықтан, олардың қызметтерін көбіне кибералаяқтар мен есірткі заттарын өткізушілер пайдаланады.

Бүгінде ақша жымқыру саласындағы заңбұзушылықтарға қарсы цифрлық активтер провайдерлеріне жауапкершілік жүктейтін заңнамалық түзетулер әзірленген. Қаржы ұйымдарындағы криптовалюта операцияларын тексеру күшейтілген.

Фото: pexels.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу