Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Цифрлық теңгені агроөнеркәсіптік кешенге енгізудің бір кезеңі сәтті аяқталды

Экономика
Цифрлық теңгені агроөнеркәсіптік кешенге енгізудің бір кезеңі сәтті аяқталды

Агроөнеркәсіптік кешенде цифрлық теңгені енгізу бойынша пилоттық жобаның кезекті кезеңі сәтті аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің мәлімдеуінше, жоба аясында цифрлық теңге сәтті конвертацияланып, екінші деңгейлі банкте ашылған арнайы шотқа аударылған.

Жобаның басты мақсаты – ауыл шаруашылығындағы инвестициялық субсидияларды бөлу мен игерудің ашықтығын қамтамасыз ету және бақылауды күшейту.

Естеріңізге сала кетейік, пилоттық жоба аясында Ақмола облысындағы «Астықжан К Т» ЖШС (Ақмола облысы) цифрлық теңгені пайдалану арқылы аванстық төлем жасап, 5% жеңілдік мөлшерлемесімен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған болатын. Бұл қаржыландыру шарттары ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қажетті жабдықтарды қолжетімді етуге айтарлықтай мүмкіндік берді.

Фото: «Бәйтерек» холдингі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу