5 миллиондық «Айбоздың» арты шу болды, министрлік әлі үнсіз

Неге ұйымдастырушылар жоғарыдағыдай ереже жазып алып, өздері орындамай отыр?

Malim Админ

  • 07.12.2022

Абаевтың министрлігі ұйымдастырған «Айбоз» ұлттық байқауынан шу шықты. Атағы жер жарған сайыстың аяқталғаны кеше ғана. Кімнің жеңімпаз атанып, 5 млн теңгені қанжығаға басқанын жазғанбыз. «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды 


Осы байқаудың «Үздік аударма» номинациясы бойынша Стефан Цвейгтің «Амок», «Бақилық ағаның көз жасы» новеллаларын аударған Кенжебай Ахметов жеңімпаз деп танылған. Алайда дәл осы аталым бойынша үміткер болған Баян Хасанова сайыс талаптарының жайына қалғанын айтып, шағым білдірді. 

«Біріншіден: «Үздік аударма» номинациясы бойынша мынадай талап болды: Аударма еңбектің авторы авторлық құқық иесімен (автормен, автордың заңды мұрагерімен, авторлық құқық иеленуші баспа мекемесімен) келісім-шарттың болуы міндетті» делінген. Бұл шартқа сай жалпы халық игілігіндегі (public domain) шығармалар байқауға жіберілмеуі қажет еді. Оны қабылдайтын болса, неге сайыс талаптарында анықтап тұрып көрсетпеген? Неге ұйымдастырушылар жоғарыдағыдай ереже жазып алып, өздері орындамай отыр? Неге сөзінен тайқыды? Неге біз сияқтыларды баспаның алдында, құқық иеленушінің алдында кіріптар етіп, құқық сатып алуға соншалықты қаражат жұмсауға мәжбүр етті?» дейді Б.Хасанова.   

Аудармашының айтуынша, кез келген туынды түпнұсқа тілден аударылуы керек. «Орыс тілі арқылы аударылған шығарма мүлде аударма ретінде қарастырылғаны  - қазылардың немесе ұйымдастырушылардың біліксіздігі. Жеңімпаздың кәсіби шеберлігіне тіл тигізбеймін. Осы байқаудың нәтижесін күтіп жүрген қауымға ұйымдастырушылар жеңіске жеткен шығарманың түпнұсқа тілден аударылғанын дәлелдесін!»  дейді байқауға қатысушы.

Malim.kz тілшісі «Үздік аударма» аталымының жеңімпазы Кенжебай Ахметовке хабарласып пікірін білді. Қаламгер «Стефан Цвейг әлдеқайда айналымға еніп кеткен автор ғой» дейді. Тәржіман Стефан Цвейгтің «Амок», «Бақилық ағаның көз жасы» новеллаларының қай тілден аударылғаны жайлы сауалымызға  «Жалпы мен орысшадан аударамын» деп жауап қатты. Демек, шығарманың түпнұсқадан аударылу, аударылмау жағын министрлік өкілдері түсіндіру керек деп ойлаймыз.                  

Байқауға «Үздік комикс» номинациясы бойынша қатысқан Досхан Жылқыбай да конкурс шарттары сақталмағанын мәлімдеді.

«Өзім қатысқан «Үздік комикс» номинациясы бойынша финалға өттік. Нәтижесінде Жантас Набиолла атты ағамызға жүлде бұйырыпты. «Жетпіс палуан» комиксімен. Бірақ, сол кісімен ортақ достығымызда бар бір кісі ол комикстің бұрын жарияланып қойғанын айтып, скриндер жіберді... Осы жылдың тамыз айында жарық көріп, тіпті сатылымға шығып кеткен комикс екен» деп жазды ол.

Конкурс шартында «Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, комикс бағытындағы еңбектер қабылданады» деп жазылғаны мәлім. Қаламгер шарт-ереженің ескерусіз қалғанына наразы.

«Шорт-листке еніп, Азат Шәуеевтің атынан ұсынылған екі комикс бар. «Қабанбай батыр» және «Бөгенбай батыр». Бұл екі комикс те 2018 жылы басталған «Ұлы дала аңыздары» атты комикстер сериясымен Президент қорының қолдауымен жазылған еді... Мұндай байқауларда үлкен қаржымен жасалған проекттердің қатысуы енді бастап келе жатқан авторлардың жолын жауып тастай ма деймін».

Досхан Жылқыбай Азат Шәуеевтің «Үздік» деп танылған комиксі бұрын жарияланып, тіпті сатылымға шығып кеткенін айтады. «Шорт-листке енген екі комикс бұрын жазылып, сценарий авторы мен суретшісі мүлде көрсетілмей, идея авторының атынан ұсынылып отыр. Бұл заңға қайшы, қайшы емесін мен білмеймін»,- дейді ол.     

Әдеби сайыс басталғанда Мәдениет және спорт министрі Д.Абаев: «Басты мақсатымыз – төл әдебиетімізді тың дүниелермен толықтырып, оны жаңаша биікке көтеру, сондай-ақ ұлтымыздың әдеби мұрасын молайтып, отандық әдебиетке жаңа серпін беру» деген болатын. Алайда, қаламгерлердің наразылығы жарыстың әділет ауылынан алыс болғанын көрсететіндей. 

Оқырмандар жеңімпаз шығармаларды қайта қарау керектігін талап етіп отыр. Malim.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің қорытынды пікірін білу үшін Архив және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Борашқа  хабарласты. Кеше ғана «Айбоз» байқауының нәтижесін бөлісіп жар салған Қуат мырза телефон қоңырауына жауап бермей жатыр.

 

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік