«Алғаш рет келуім...». Димаш Құдайберген Түркістанға барып таңғалды

Елдің осындай әдемі шаһарда тұрып жатқанын, еңсесі көтеріліп жатқанын көргеніме қуанып отырмын деді әнші

Malim Админ

  • 14.08.2024

Әнші Димаш Құдайберген Түркістан облысына барды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды әншімен арнайы кездесіп, құрмет көрсетті.  

Еліміздің атын әлемдік аренада танытып жүрген өзіңіздей өнер адамын өз өлкемізде көргеніме қуаныштымын. Сіздің бұл сапарыңыз – облысымыздағы руханият саласына, өңір туризмін дамытуға зор серпін береді деп ойлайды. Қазіргі таңда, өңірде руханият саласында бірқатар бастамалар қолға алынып, жүзеге асуда. Республикалық, халықаралық деңгейдегі шаралар – өңірімізге туристердің, қадірлі қонақтардың келуіне себеп болуда. Солардың бірі – «Voice of Turan» халықаралық қазақ әндерін орындаушылар байқауы. Биыл 5-ші рет ұйымдастырылған байқауда әлемнің 20-ға жуық елінен өнерпаз қатысып, қазақ әндерін шырқайды. Осы байқау барысында әлемнің қай елінде болмасын әншілердің Сіздің орындаған әндеріңізге деген қызығушылығы басым екендігі байқалады. Бұл – біз үшін қуаныш әрі зор жауапкершілік, – деген облыс әкімі әншіні халықаралық қазақ әндерін орындаушылар байқауына құрметті қонақ болуға шақырды.

Әнші өз сөзінде Түркістанның рухани орталық ретінде қарыштауына таңданысын жеткізді.

Түркістанның жаңа кейпіне, өзгеріске таң қалдым. Ұнап жатыр барлығы. Ес білгелі алғаш рет келуім, ерекше әсер алдым. Елдің осындай әдемі шаһарда тұрып жатқанын, еңсесі көтеріліп жатқанын көргенімен қуанып отырмын. Түркістан бүгінде түркі әлемінің туристік астанасына айналып, дүние жүзіне танылып жатыр. Ең бастысы еліміз тыныш болсын! Қалаларымыз әлемге танылып, халқымыздың дүниетанымы, руханияты көкжиегі кеңейе берсін! – деді Димаш Құдайберген.

13-14 қыркүйекте Астанада Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді. Қазақстанның халық әртісі «Astana Arena» стадионында «Stranger» атты жеке концертінде өнер көрсетеді. 

Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген Астанада екі күн қатарынан концерт береді 

Фото: Baq.kz   

Байланысты жаналықтар

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

02.04.2025

Бағлан Әбдірайымов соңғы шешімді қабылдады

29.03.2025

Шығыс Қазақстанда екі әуежайдың құрылысы басталды

28.03.2025

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

28.03.2025

Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

27.03.2025

Бүркіт 88 жасқа толған әкесінің туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

26.03.2025
MalimBlocks
«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

Өнер иесі пәтерді жақын адамына сыйламақ.

Бағлан Әбдірайымов соңғы шешімді қабылдады

Шығыс Қазақстанда екі әуежайдың құрылысы басталды

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

Әнші: Бұл жалған дүниеде бәріміз қонақпыз ғой, бәріміз пендеміз

Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

Өнер иесі оқырмандарынан кеңес сұрады

Бүркіт 88 жасқа толған әкесінің туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

Ол жақын адамдарын қонақ еткен.